Астана қаласында 15 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Оған 2009 жылы Павлодарда ауыр қылмыс жасағаны үшін айып тағылып отыр.

2009 жылы Павлодар қаласының тұрғыны жұбайының жоғалып кеткені жөнінде полиция бөліміне жүгінеді. Оның айтуынша әйелі құрбысының үйіне кетіп, қайта оралмаған. Сақшылар іздеу жұмыстарын жүргізді. Көрші мемлекеттерге де ақпарат таратқан. Тек бір жылдан кейін ғана әйелдің мәйіті көлден табылған.

БАЛҒАБАЙ ҚАПАРОВ, ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі шаралар өткізілді. Бірақ қылмысты ашуға мүмкіндік болмады. Тергеу басшылықтың бақылауында болды. Ағымдағы жылы жедел іздестіру шараларының нәтежесінде Павлодар облысының полицейлері күдіктінің ізіне түсті. Ер адам оны тұншықтырып өлтіргені анықталды. Содан кейін ол денесін суға батырды. Оны ұзақ бойы аса ауыр қылмыс үшін бас бостандықтан айыруы орындарында болғандығы анықталды.

Күдікті 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Ол Астана қаласында ұсталды. Қылмыстық іс қайта жанданды. Тергеу жалғасуда.

Әйгерім Тоқпанқызы