Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл. Атаулы күнге орай Павлодарда оқушылар арасында баскетболдан жарыс өтті. Айта кету керек, дәстүрге айналған шара биыл 20-шы жыл ұйымдастырылып отыр.

Ауған соғысы - адамзат тарихындағы ең ұзақ қақтығыстардың бірі. Он жылға созылған ұрысқа 22 мың қазақстандық жауынгер қатысқан. Айта кетейік, айтулы датаға орай ұйымдастырылған жарысқа шаһардың сегіз мектебі қатысты.

№5 мектепте өткен турнир дәстүрлі сипат алып үлгерген. Алғашқысы 2004 жылы өткізілді. Биыл 20 мәрте ұйымдастырылып отыр. Мектеп басшылығы спорттық шара алдағы уақытта да өткізіліп, ғұмырлы болады деген сенімде.

Жарыс қатысушылары жақсы дайындықпен келген. Жеңіске деген сенімдері мол. Себебі оқушылар дәстүрге айналған спорттық шарада жыл сайын бой көрсетіп келеді.

Бүгінде майдангерлер жас өренді отансүйгіштікке баулуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Оқушылар Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған қанды қақтығыстың қатысушыларын ұлықтап еске алды.

Ақмаржан Қалымбек