Павлодардың көркем сурет мектебі түлектерінің үздік суреттерінең көрме ұйымдастырылды. Әртүрлі тақырыпты қамтыған суреттер бұған дейін халықаралық байқауларда жүлделі орын алған. Жас қыл қалам мен бояуды серік еткен суретшілердің еңбегімен әріптесіміз танысып қайтты.
Бұл көркем экспозиция жасөспірімдердің қолынан шыққан. Биыл олар көркем сурет мектебінен қанат қақпақ. Түлектердің үздік деп танылған туындылары жыл сайын түрлі шаралардың төрін безендерген. Ал кезекті экспозициялар түлектердің өздеріне арналған.
Көрмедегі әр сурет күрделі техникаларымен ерекшенеді. Мектеп түлектерінің бірі Әсел Бағдатқызы. Жас қыл қалам шебері аңыз әңгімелерге қызығады. Өз туындысында да Айша бибі сұлу мен Қараханның махаббат оқиғасын бейнелеген.
Өнерпаздар әр техниканы бірнеше ұстаздың дәрісінен үйренген. Мектепті аяқтай отыра олар кәсіби суретші болуға мүмкіндіктері бар.
Байтұрсын Жұмабай