Павлодарда алғаш рет жасөспірімдер мен жастар арасында таэквондодан Қазақстан чемпионаты өтті. Олар алдағы халықаралық турнирлерде ұлттық құрама сапында болу үшін өзара бақ сынасты.Толығырақ алдағы сюжетте.
Чемпионат елдегі ең мықтылардың бірі болып саналатын таэквондо ITF федерациясының қолдауымен өтті. Оған Қазақстанның 16 облысынан келген 14-15 және 16-17 жас санатындағы жасөспірімдер қатысты.
Мұстафа Өзтүріктің даңғыл жолын жалғаған, осы салаға бет бұрған жастардың қатары Қазақстанның әр аймағында қарқынды өсіп келеді. Шығыс жекпе-жегінің өңірдегі деңгейі де жақсы. Республикалық сындардың алды боп жүрген ұл-қыздарымыз да жеткілікті. Ал жеткіншектер байрақты бәсекелерде төбе көрсетіп, тұғыр биігінде жүр.
Байрақты бәсекеде өнер көрсеткендердің қатарында шынашақтай қыздарда бар. Солардың бірі – Лейла Каримова. Ол таэквонда тек тепсе темір үзетін жігіттерге ғана арналған деген түсінікпен мүлдем келіспейді.Керісінше қыздарға да қажет спорт түрі екенін алға тартты.
Қазақстан чемпионатында оза шапқан жасөспірімдер ұлттық құрама сапына түсіп, таэквондодан жақын арада өтетін халықаралық турнирлерде ел намысын қорғайтын болады.
Қымбат Садық