Естай мәдениет сарайында халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараға нәзік жандылар көптеп жиналды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Көктемнің алғашқы мейрамы баршасының да жүзіне шырай, көңілдеріне шуақ сыйлады. Салтанатты шараға сан саланың мамандары қатысты. Қарапайым жұмысшыдан бастап, еңбек ардагерлеріне дейін бар. Барлығы құрметке, марапатқа лайық. Айтулы мереке қарсаңында облыс басшысы жиналған нәзік жандыларға ақ жарма тілегін жеткізді.

Қазіргі уақытта нәзік жанды әйелдер бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетіп отыр. Олар жайлы көп айтуға болады. Қандай алғыс та аздық етеді.

Салтанатты жиын ән-күйсіз өтпеді. Жергілікті өнерпаздар аймақтың ажарлы аруларына әннен шашу шашып, концерттік бағдарлама тарту етті.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, ӘДІЛХАН МҮТӘЛАПОВ. ЕА