Сондай-ақ 8-наурыз күні әйгілі жазушы Жүсіпбек Аймаауытовтың туған күні. Алаш ардақтысының өмірге келгеніне биыл 135 жыл. Ол «Ақбілек», «Күнікей» сияқты жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ әйелдерінің қилы тағдырын қаламына арқау етті.

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Баянауылда дүниеге келген. Қазақ романының негізін қалаушы. Бұдан бөлек ғылымда, ұлт тағыдырда айрықша ізі бар тұлға. Алаш партиясы қатарында өлшеусіз еңбек еткен жандардың бірі.

Жазушының ең танымал шығармасы «Ақбілек» романы. Онда азамат соғысы жылдарындағы әйел бейнесі жасалады. Жалпы жазушы прозасында да, драматургиясында да әйел тақырыбын қаламына көп арқау етті.

Оның сыншылық болмысы өз заманының ұлыларында тани білді. Абайдан бөлек, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыр шығармашылығына алғаш баға беріп, таныта білді.

Биыл әйгілі жазушының өмірге келгеніне 135 жыл. Бұл мерейлі облыс қана емес, ел көлемінде аталып өтілмек.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК ЕА