Астана қаласында ардагерлер арасында волейбол федерациясы президентінің кубогы өтеді. Ол турнирде облыс намысын мемлекеттік қызмет ардагерлері қорғайды. Команданың спорттық бәсекеге дайындығы қалай? Тілшіміз біліп қайтты.

«Павлодар» ардагерлер волейбол клубы 1992 жылы құрылған. 32 жылдан бері команда түрлі халықаралық, республикалық додаларға қатысып, өңір намысын абыроймен қорғап жүр.

ҚИМАДИДЕН СӘРСЕМБАЕВ, «ПАВЛОДАР» АРДАГЕРЛЕР ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ КАПИТАНЫ

Команда ретінде біз облыста ұйымдастырылған барлық турнирге қатысамыз. Сондай-ақ, аудардық, қалалық сайыстарға қатысып, өзіміз де бірнешесін ұйымдастардық. Республика көлемінджегі додалаорда да өнер көрсетеміз. Семей, Петропавл, Астана,Талдықорған қалалаларында өткен жарыстардан да қалмаймыз. Тіпті, Ресей Федерациясына барып, еліміздің намысын қорғадық.

Елордадағы бәсеке 45 жастан асқан және 60 жастан асқандар үшін екі категорияда өтеді. Павлодарлық ұжым 60 жастан асқан ардагерлер арасында бақ сынайды. Команданың жарысқа қатысуына облыстық мәслихат депутаттары мен дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау көрсетті.

ҚИМАДИДЕН СӘРСЕМБАЕВ, «ПАВЛОДАР» АРДАГЕРЛЕР ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ КАПИТАНЫ

Турнир қоғам және мемлекет қайраткері Дүйсенбай Тұрғановтың құрметіне өтейін деп жатыр. Ол кезінде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған. Сонымен қатар, облыстық волейбол федерациясының президенті болып, өңірде осы спорттың дамуына зор үлес қосты. Ол кісі қызметке келген кезде, бізде ерлер волейбол командасы болмаған еді. Дүсенбай Тұрғанбаев Аманжол Әубәкіровпен бірге «Павлодар» командасын қайта жандандырды.

Қазір команда сапында 18 ардагер бар. Олардың жетеуі 70 жастан асқан. Барлығы да, спортқа қызығушылығының арқасында, жаттығулардан қалмай, жарыстарға ұдайы қатысып тұрады.

ВЛАДИМИР ЛЕВЧЕНКО, «ПАВЛОДАР» АРДАГЕРЛЕР ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ ШАБУЫЛШЫСЫ

Мен зейнетке шыққанша Павлодар, Успен және Ертіс аудандарының әкімі қызметін атқардым. Қай жерде бослам да, спортқа көп көңіл бөлдім. Жастарды осы спортқа баулыдым. 30 жыл бойы «Павлодар» командасында ойнап келемін. Клубымыз ұйымшыл, үнемі жаттығуға келіп, дайындалып, жарыстарға қатысамыз.

«Павлодар» клубы – еліміздігі мықты әуесқойлар командалардың бірі. Сондықтан, алда өтетін жарыста да жеңіс тұғырынан көрінуге ниетті. Айта кетейік, турнир наурыз айының 8-нен 11-не дейін жалғасатын болады.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА