Павлодар облысының полициясы тұрғындарды SIM-карталардың жарамдылық мерзімі өткені туралы хабарлайтын алаяқтардың пайда болғаны туралы ескертеді.

 «SIM-картаңыздың жарамдылық мерзімі жақын арада аяқталады». Өңірде дәл осылай хабарласатын ұялы байланыс операторларынан қоңыраулар көбейген. Бұл алаяқтықтың жаңа түрі болып табылады. Сондықтан азаматтардың сақтық танытуы және мұндай қоңырауларға сенбеуі өте маңызды. Егер сіз дереккөздің түпнұсқалығына сенімді болмасаңыз, ешқашан жеке деректерді бермеуіңіз керек, және телефон арқылы алынған кодтарды енгізбеуіңіз керек. Күдік туындаған жағдайда дереу полицияға хабарласып, тергеу жүргізу үшін барлық қолжетімді мәліметтерді ұсынған жөн.

СҰЛТАН ҚАДЕРЖАНОВ, ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

 Жақында осындай алаяққа алданып, жеке деректерді қолды болған азаматтан өтініш түсті. Өзің ұялы байланыс операторы деп таныстырған адам тұрғыннан SIM картасының жарамдылық мерзімі аяқталатыны туралы айтып, СМС код арқылы мерзімді ұзартуды ұсынған. Оған сенген азамат кодты енгізген, салдарынан алаяқ оның жеке деректеріне қол жеткізіп, оның атына несие рәсімдеген болып шықты

Қымбат Садық