Павлодар сервис колледжінде облыстық JUNIOR SKILLS байқауы өтті. Оған аймақтың әр ауданынан оқушылар қатысып, кәсіптік дағдылары бойынша сынға түсті.

Сайыс қызмет көрсету саласы колледжіне өтті. Қатысушылар екі бағытқа бөлініп сынға түсті. Сән бағыты бойынша он оқушы қатысты. Шарт бойынша қатысушылар ұсынылған үлгі бойынша алжапқыш тігулері керек.

Байқауға қатысушылардың барлығы болашақта осы кәсіптің білгірі атансам дейді.

Екінші бағыт шаштараз. Оған облыстың аудандарынан келген 5 оқушы қатысты. Берілген уақытын ішінде шеберліктерін ортаға салды.

Жанасыл Серікбол