Павлодар ауданы, Чернорецк ауылының тұрғыны арнамызға хабаралсып, қарғын судан зардап шегіп жатқандығын айтты. Ондағы екі қабатты т ұрғын үйдің жағдайын біздің түсірілім тобы көріп қайтты.

Бұл үй Чернорецк ауылында Восточный 16 мекенжайында орналасқан. Мұқтаж жандарға берілген баспана. Екі қабатты үйде мүгедек адамдар да тұрады. Арнамызға хабарласқан тұрғынның айтуынша, осы үйдедің тұрғындары жыл сайын қарғын судан зардап шегіп келеді.

Тұрғынның айтуынша, бұл үйдің оррналасқан жері де ыңғайсыз. Еріген қар суы жертөлеге төгіле береді.

ЕРКЕБҰЛАН ҚАРШЫҒАҰЛЫ, ЧЕРНОРЕЦК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мынаның бәрі дөң, судың бәрі мына жерге құйылады. Сосын жиналып подвалға кетеді. Ана жерде су неше күннен бері ойылып қалды су. Қоршау да қойған жоқ. Қоршау керек. Екі-үш күн сордырды. Бармаған жерім жоқ. Облыс акиматына дейін бардым МЧС ке олар біледі.

Ал, ауыл әкімдігі су басқан күні бәрін шығардық. Тек үйге қатысты әлі атқаратын жұмыстар бар деді.

ЕРЖАН ТӘКІБАЕВ, ЧЕРНОРЕЦК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Су тасқыны күшейген күні шынында да жертөлеге су кірген. Бірақ, жергілікті атқарушы органдар жергілікті тұрғындардан еріктілерді тарта отырып, су айдау шарасын қабылдады. Мүлікке зиян келген жоқ, зардап шеккендер жоқ. Бұл үйге қатысты жұмыстар жүргізу керек. Құрылыста кемшіліктер бар. Ағымдағы жылы жөндеу жоспарлануда.

Ал, ауыл бойынша су басу қауіп сейілді, ешқандай қауіп жоқ деді әкім.

Жанасыл Серікбол