Ал Атамекен кентіндегі қосалқы станцияға еріген судың түсуіне жол бермеу мақсатында қандай шаралар қолданылды? Толығырақ алдағы сюжетте.

Бұл қосалқы станция Атамекенге ғана емес, Қалқаман кенті мен Ақтоғай ауданына да электр қуатын береді. Қардың еруіне байланысты оны су басу қауіпі жоғары болған. Бірақ қазылған шұңқырдың көмегімен және шеттеріне топырақ себу арқылы қауіптің алды алынды.

ТІЛЕКЖАН ГАЛЯМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Су тасқынына қарсы тиісті шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Мәселен, Павлодар қаласына қарасты Атамекен кенті мен Теміржолшылар ауылы басты бақылауға алынды. Онда техникалардың көмегімен еріген қар суын сору, құм себу сияқты жұмыстар атқарылуда

Қазақстан халқы партиясының белсенділері де өзекті мәселеге бей-жай қарамай, ден қойып отыр. Олар электр станциясына барып, бақылау жүргізді.

ӘЛІМБЕКАҒЫБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ПОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасы және жергілікті коммуналдық қызметтердің бақылауымен жүргізілуде. Негізінен ең қауіпті учаскелер қатаң бақылауда, ол жерлердегі жұмыстардың нәтижесі жақсы, алаңдауға еш негіз жоқ деп ойлаймын

Сондай-ақ, жеке аулалардан шамамен 3000 текше метр су сорылды. Тұрғындардың барлық өтінімдері нақты пысықталады дейді жауапты мамандар.

ТІЛЕКЖАН ГАЛЯМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТЖБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Негізінен барлық еріген су аулаларға бау-бақшалардан, көшелерден кіреді. Маңызы бар көшелерде жүріп-тұру қиындық туғызған. Осыған орай, ең алдымен көшелерден қар шығарылды. Алайда кей жеке аулаларда тұрғындар ешқандай шара қолданбаған екен

Атамекен кентінің тұрғыны Қайрат Жақетаевтың айтуынша, су тасқынына қыста жауған қалың қардың әсері көп.

ҚАЙРАТ ЖАҚЕТАЕВ, АТАМЕКЕН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

Біздің кент ойпатта орналасқан. Сондықтан барлық жағынан үлкен қауіп бар. Мәселен, техника кіре алмай кептеліп те қалады. Тек мотопомпомдардың көмегі бар

Жалпы, өңірімізде су тасқынына қатысты іс-шарлар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Барлық жағдай күнделікті мониторингте бақылауда.

Қымбат Садық