Павлодарда волейболдан Қазақстан Республикасының 32-ші чемпионатының ерлер командалары арасында плей-офф ойындары өтті. Шешуші кезеңде Павлодар мен Тараз құрамасының ойыншылары кездесті.

Павлодарлықтар матчты қызу бастап, алғашқы кезеңде оңтүстік спортшыларды ойсырата жеңеді. Алайда екінші ойында қарсылас команда есепті теңестіреді. Чемпионатта жеңіске жету үшін аз қадам қалғанда павлодарлық волейболшылар есе жіберіп алды.

Осылайша ел біріншілігінің финалдық турында есеп 23 те 25 пен аяқталып, «Тараз» құрама командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

Қымбат Садық