Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов төтенше жағдайлар депарамтенті басшылығымен бірге су басу қаупі бар ауылдарды аралады. Ондағы қауіп деңгейін көзбен көріп, баға берді.
Сапар барысында қардың еру ауқымын бағалана отырып, қауіпті учаскелерді белгіленді. Және де елді мекендерге судың келуіне қарсы іс-шаралар айқындалды. Ақтоғай ауданының Шолақсор ауылында көршілес Солтүстік Қазақстан облысынан келген судың негізгі көлемі ағып өтті. Жергілікті жердегі Сілеті өзеніндегі судың деңгейі қалыпты белгіге дейін төмендеді . Ауылға кіреберіс жол қалпына келтірілді. Аталмыш жолды судың жиі шайып кетуіне жол бермеу үшін ЖСҚ дайындалып, келесі жылы облыстық бюджет есебінен көпір салынады.
Сондай-ақ сапар барсында Тереңкөл ауданының Первомайское ауылында Северная және Достық көшелерін су басу қаупі бағаланды. Мұнда үйлерді қорғау үшін биіктігі 1,5 метр болатын үш шақырымдық бөгет салынды. Онда шамамен 6000 текше метр су шығарылған.
Жанасыл Серікбол