Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылында қауіп сейілді. Жергілікті атқарушы органдар және Төтенше жағдайлар депарамтенті күштерімен бірлесіп су тасқынына қарсы қажетті іс-шаралар жүргізілді.
Шолақсор ауылының бойындағы топырақ үйіндісі, бөгетті топырақпен және қапшықпен нығайту, кірме автожол нығайтылды. Тұрғын үйлер мен ұйымдарды су басуға жол берілмеді.
Аталмыш жерде су деңгейінің өзгеруіне кезекшілікті жүзеге асыру үшін төтенше жағдайлар депаратментінің Жедел құтқару жасағының 6 адамы, 2 бірлік техника және 2 жүзу құралы жұмылдырылды. Барлық тартылған күштер мен құралдар Жалаулы ауылына көшірілді.
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 108 876 ТЕКШЕ МЕТР СУ СОРЫЛДЫ
Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 435 адам, 145 бірлік техника, 47 мотопомпалар, 2 жүзу құралдары жұмылдырылды.
Өткен тәулікте 108 876 текше метр еріген су сорылды, 2850 қап төселді, 150 тонна инертті материал төселді.
Әкімдіктер мен төтенше жағдайлар депарамтенті аула аумақтарын, тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлердің жертөлелерін су басу фактілерін анықтау үшін аулалық тексерулер жүргізуде. Мониторинг тәулік бойы, оның ішінде дрондардың көмегімен жүргізіледі.
Жанасыл Серікбол