Жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жинай бастады. Тұрғындарға қажетті азық-түлік өнімдері, киімдер, гигиеналық заттарға басымдық беріледі.

Тосыннан келген су қаншама халықты әбігерге салды. Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы демекші, ағайынның бүгінгі күйін әлеуметтік желіден де байқап отырған шығарсыздар. Осы ретте жастар бастамаларын дамыту орталығында гуманитарлық көмек көрсететін штаб жұмысын бастады. Осыған дейін орталық Ақтоғай ауданының Жалаулы, Шолақсор ауылдарының тұрғындарына көмек көрсеткен еді.

ДАМИР ҚЫДЫРАШЕВ, ВОЛОНТЕРЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ИНСПЕКТОРЫ

Бүгіннен бастап біздің орталықта гуманитарлық көмек пункті ашылды. Яғни еліміздегі жағдайға байланысты көптеген адамдар зардап шегіп жатыр. Қазіргі көмек Павлодар облысының Успен, Ақтоғай аудандарына жіберіледі. Бізге керегі азық түлік бұзылмайтын, жылы киімдер, гигиеналық заттар. Барынша шақырамын қолұшын созса деп.

Айта кетейік, волонтерлік орталықта 40-тан астам ерікті бар. Ал, гуманитарлық көмек пункті Ломов көшесі 38 мекенжайы, 103 кабинетінде орналасқан. Толық ақпаратты 8 777 449 63 06 телефон номері арқылы алуға болады.

Самал Қалиқызы