2 сәуір – дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күні. Облысымызда әр 400 баланың бірінде аутистизм белгілері бар. Ол адамға қалай әсер етеді? Келесі сюжетте.
Мамандар аутизм белгілері бар жандар әтүрлі ерекше қабілеттерге ие екенін атап өтті. Олардың таланттары ммтематика, сурет салу, музыка, информатика және өзге салаларда көріне алады.
ВИКТОРИЯ ЕФИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Аутизм – бұл психикалық спектрдің ауруы емес, тек мінез-құлықтың бұзылуы. Аутизм белгілері бар бала қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасай алмауы және басқалармен оңай қарым-қатынас орната алмауы мүмкін. Дегенмен, ол жай ғана осы дүниені басқаша қабылдайтын адам
Балалардың бойындағы даму ерекшелігін неғұрлым ерте анықтаған абзал. Сонда баланың басқалалармен қарым-қатынас орнату қабілетінжақсартуға болады. Мамндардың айтуынша, аутизмнің басты белгісі – қарым-қатынас орнату қиындығы.
ВИКТОРИЯ ЕФИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Басты белгілер – баланың сыртқы әлеммен байланыстың әлсіз болуы, демонстрациялық қимылдың болмауы, құрдастармен ойнауға қызығушылық танытпауы, сондай-ақ, тамақты аса таңдап жеу, стереотиптік қозғалыстар
аутизмі бар жандарға психологиялық терапия арқылы көмек беруге болады. Ал сирек жағдайда дәрі-дәрмек қолдану ұсынылады. Павлодарда балаларға арналған «Қамқорлық» оңалту орталығы жұмыс істейді.
ВИКТОРИЯ ЕФИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Павлодар облысында аутизмі бар жандардың саны – 503. Шамаен 380-400 балалның біреуінде аутизм белгісі бар. Көрсеткіш жыл санап өсіп келеді. Мысалы, 2022 жылы аутизм спектрінде ерекшелігі бар 355 бала болса, 2023 жылдың соңында олардың саны 503-ке жетті. Өсім жыл сайын 40-50 пайызға артып отыр
Әзірге аутизмнің пайда болуына нақты не себеп екені ғылымда анықталған жоқ.
Жұлдыз Қабылденова, Анастасия Ерш