Өңірдегі білім ордаларының бірінде «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубы ашылды. Салтанатты шараға тілшіміз де қатысып қайтты.
Ақпараттық технологиялар колледжінде 2016 жылдан бері «Сұңқар» әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді. Оған мүше болуға қызығушылық білдіретін студенттердің саны көп болғандықтан, колледж осы бағыттағы тағы бір жобаны қолға алды.
Салтанатты шарада клуб қатарына енген студенттерге шеврон және Ұлттық Ұланның әскери басылымы – «Бүркіт» журналы таратылды. Сондай-ақ, колледжге әскери-патриоттық клубтың жауынгерлік туы табысталды.
6679 әскери бөлімімен бірлесіп жұмыс істейтін клуб жастарға отансүйгіштік тәрбие беруді көздейді. Енді клуб мүшелері атанған студенттер әскери бөлімге барып, жауынгерлердің өмірімен танысады, сонымен бірге оқу-жаттығу барысын тамашалай алады.
Жұлдыз Қабылденова