Тұрғындар денсаулығына байланысты қандай да бір мәселе туындаса, бірден 103 нөміріне хабарласады. Байланыс орталығының желілері бос болмаған жағдайда, медициналық бриганы шақырудың тағы бірнеше жолы бар. Ол туралы тілшіміз баяндайды.

Облыстағы 103 бірыңғай байланыс орталығында 10 диспетчер қызмет етеді. Олар хабар түскеннен 5 минут ішінде науқасқа жедел жәрдем бригадасын жібереді. Ал жедел қоыраулар 30 секунд ішінде өңделеді. Айта кету керек, оператор қоңырауды қабылдағаннан кейін желіде қалып, медициналық кеңес бере алады.

ИРИНА МИЩЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК СТАНЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БӨЛІМ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Демалыс және мереке күндері, сондай-ақ жұмыс күндері сағат 18.00-ден кейін емханалардың жұмысы аяқталады, ал жедел медициналық көмек көрсету станциясының жүктемесі артады. Қоңыраулар саны айтарлықтай артады. Кейде бір сағатта 103 желісіне 70-тен аса қоңырау түседі

Бірыңғай байланыс орталығы бос болмаса, 32-00-24 және 32-37-78 қалалық нөмірлері арқылы дәрігерлерді шақыра аласыз. Сондай-ақ, 112 шұғыл нөмірі арқылы байланыссаңыз болады. Жедел жәрдем станциясының боты да жұмыс істейді.

ИРИНА МИЩЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК СТАНЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БӨЛІМ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Кей қытайлық телефондарда 103 нөміріне хабарласу үшін алдымен 109 нөмірін теру қажет. Себебі, кей жағдайда қытайлық телефондар қоңырауды 101, 102 қызметтеріне жіберуі мүмкін. Оның алдын алу үшін алдымен 109 нөмірін теруді ұмытпаған жөн.

Облысымызда 70 медициналық бригада бар. Оның 33-і күрделі қоңырауларға жауап беретін дәрігерлер, ал 37-сі қарапайым жағдайларда әрекет ететін фельдшер. Сонымен қатар, жедел жәрдем бригадаларының резерві бар.

Жұлдыз Қабылденова, Анастасия Ерш,