Қарғын судан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек беру жалғасуда. Бұл ретте ардагерлер қалыс қалмай жәрдем қолын созды.Толығырақ алдағы сюжетте.

Жиналған заттар бүгін Екібастұз қаласындағы нүктелеріне жіберілді. Оны ары қарай реттеп зардап шеккен облыстарға таратады.

БЫЛИЛИНА ЛЮДМИЛА «PAVLODAR VITA» ІЗДЕУ ЖАСАҒЫНЫҢ ЕРТІКТІСІ

Біз еріктілер болып бірігіп су тасқынынан зардап шеккендерге көиек жинауды ұйғардық. Қазіргі таңда тұрғындар барынша өз көмектерін беруде. Қолдарынан келгенше су, гигиеналық заттар, азық-түліктерді әкелуде. Егерде кімде-кім көмек беремін десе Торайғырова 52 мекен-жайына әкеліп тапсыруға болады.

Көмек қолын созам деушілерге қазіргі таңда керек заттар резеңке етік, резеңке қолғап, қап контейнерлері. Гуманитарлық көмек бойынша барлық ақпаратты 87054083158 нөмірі бойынша біле аласыз.

Сағыныш Жасқайрат