Облыстық мәслихатың кезектен тыс 11-сессиясы өтті. Депутаттар өңірдің шалғай ауылдарындағы су ресурстарын пайдаланғаны үшін салық мөлшерлемелері мен қоғамдық көліктерге берілетін субсидия көлемін арттыру мәселесін қарастырды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Қазір өңірде 142 әлеуметтік маңызы бар жол қатынасы жүреді. Оның 20-сы облысішілік, 67-сі аудандарда қатынайтын көлік. Ал 55-і қалалық автобустар. Алайда жергілікті бюджеттен 117-сі ғана субсидияланады. Халық қалаулары бұл тізімді кеңейтуді ұсынған. Бұл салаға жауапты мекеме басшысы былай жауап берді.

ҚАНАТ ҚАШҚИРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Әлеуметтік маңызы бар коммуникациялар тізіміне 9 бағыт енгізу ұсынылды. 8-і облысішінде жүреді. Ал бір маршрут Ақтоғай ауылында қатынайды. Бұл қосымша маршруттар Ақтоғай ауданының 8 ауылын, Железин ауданының 2 ауылын, Шарбақты ауданының 7 ауылын, Аққулы ауданының 4 ауылын, Ақсу қаласының 5 ауылдық аймағын және 1 ауылды қамту үшін қосымша маршруттар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Бұдан кейін сессияда биыл жер үсті су көздерін пайдаланғаны үшін салықтың жаңа мөлшерлемесін бекіту жобасы талқыланды.

ӘЙГЕРІМ ҚАБЫЛТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Алым мөлшерлемелері тиісті жылдағы ресми инфляция деңгейіне индекстелетін базалық мөлшерлемелер негізінде есептеледі. Былтыр төлем 630 млн теңгені құрады. Келесі ставка мөлшері бекітуге ұсынылады. Олардың барлығы мүдделі аумақтық органдармен және облыстық басқармалармен келісілген. Облыстың қоғамдық бірлестіктері мен кәсіпкерлерінің оң сараптамалық пікірлері алынды.

Бұл мәселе де қолдау тауып, жақын уақытта орындалатын болады. Сондай-ақ жиын барысында жас буын өкілдерін мемлекеттік қызметке дайындау мәселесі сөз болды. Бұған сессия жұмысына қатысқан өңір басшысы өз ойын ортаға салды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Құрметті депутаттар қауымы өздеріңіз білетіндей ел президенті Қ.Тоқаев: Адал адам, адал еңбек, құрылтайында сас маңызды идеологиялық бағыттарға тоқталды. .. кәсіби біліктілік тұжырымдамаларын негіздеді.

Кеше ғана өңірде жас саясаткерлер мен сарапшылар клубы ашылды. Бұл ұйымға облыстық мәслихат төрағасы жетекшілік етеді. Бұдан кейін жуырда өткен сайлауда жеңіске жетіп, облыстық мәслихаттың қатарына жаңадан қосылған депутаттарға мандаттар табыс етілді.

Әйгерім Тоқпанқызы