12 сәуір академик Қаныш Сәтбаевтің туған күні! Оның мерейтойы аясында елімізде түрлі шаралар легі өтуде. Ұлытау облысының жұртшылығы қалай атап өтпек? Толығырақ алдағы сюжетте.

Ұлытау облысында жыл бойы өңірлік жоспар аясында академиктің мерейтойын тойлау үшін 20-дан астам іс-шара өтеді деп жоспарланған. Кейбір шаралардың бірі өз бастауын алып жатыр. Мәселен, ұлы ғалымға арналған әндер байқауы мен спектакльдер қойылуда.

Айта кетейік, республикалық айтысқа 20 млнға жуық қаражат бөлінеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, Ұлытау мен Павлодар облыстары бірлесе отырып «Екі өңірге тең тұлға» атты эскпедиция ұйымдастырмақ.

Қымбат Садық