Алты миллион теңге. «Павлодар-Водоканал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңбұзушылықтары үшін осындай сомадағы айыппұл арқалады. Заңсыз әрекетті облыс прокуратурасы анықтады.

 «Павлодар-водоканал» ЖШС, техникалық шарттар болған жағдайда, жаңадан қосылатын әлеуетті және қызметті пайдаланып отырған кәсіпкерлерден құрылыс жобасын келісуді талап еткен. Оған қоса, монополист олардан суды ағызу және сумен жабдықтау желілеріне қосу үшін сомасы 60 мың теңгеге дейінгі негізсіз төлем алған.

ТӨРЕБЕК ҚАЛЖАН, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ

          Павлодар облысы прокуратурасының қадағалу актісі негізінде «Павлодар-водоканал» ЖШС-нің заңсыз қызметінің жолы кесілдіп, әкімшілік кедергілер жойылды. Су желілеріне қосылу заңнама талантарына сәйкестендірілді. Сондай-ақ, монополист әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 164 бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, онымен 6 млн көлемінде әкімшілік айыппұл төленді

Айта кету керек, монополистке барлығы 137 мың абонент тіркелген. Олардың ішінде 133 мыңы – жеке тұлғалар, 4 мыңы – бюджеттік ұйымдар және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер.

Жұлдыз Қабылденова