Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту - ел игілігін еселеу. Май ауданында қайтарымсыз грант алып кәсіп ашқан тұрғындар көбейіп келеді. Бұл жайында тілшіміз айтып береді.

Май ауданында мемлекеттік қайтарымсыз гранттын арқасында кәсібін дөңгелетіп отырғандардын саны артқан. Олардың қатарында Гүлмира Бектұрсынқызы бар. Үш баланын анасы Алматы қаласынан Май ауданы Көктөбе ауылына көшіп келген. Қазір қос қанаттыларды баптайды.

ГҮЛМИРА АХМЕТ, КӘСІПКЕР

2021 жылы күз мезгілінде Алматы қаласынан «Оңтүстіктен-Солтүстікке» бағдарламасы аясында осы Көктөбе ауылына көшіп келдім. Алғашында мемлекеттік мекемелерде жұмыс істедім. Кейін өзімнің жеке кәсібімді ашу туралы ой келеді. Осы арқылы грант ұтып алдым.

Эльмира қазір 400 бас тауық және 300 бас үйрек пен қаз баптайды. Грант арқылы 1 380 000 тг алған. Қазір бастаған кәсібінің жемісін көруде.

ЗАРИНА СЫЗДЫҚБАЕВА, МАЙ АУДАНЫ МАҢСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Өтеусіз мемлекеттік грантқа әлеуметтік осал топқа жататын адамдар қатыса алатынын атап өткім келеді. Оларға көп балалы отбасы, мүгедектігі бар адамдар, атаулы әлеуметтік көмек алушыны тәрбиелеп отырға жандар қол жеткізе алады. Оңтүстік аймақтардан қоныс аударушылар, сондай-ақ қандастар. Бұл адамдардың барлығы міндетті түрде мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс, Оған қоса «бастау бизнестен» серитификат алып, қатыса алады.

Айта кетейік, былтыр Май ауданында шағын кәсіп ашу үшін қайтарымсыз грант алуға 70 адам өтініш білдірген. Камиссияның шешімі бойынша 21 қатысушы мемлекеттен қаржылық демеу алды.

Байтұрсын Жұмабай