Биыл Павлодар облысында жасы 18 ге толатын 10 мыңнан астам тұрғын бар. Олар «Ұлттық қор балаларға» жобасы аясындағы үлестерін пайдалануға құқылы. Сәуір айының біріне дейін олардың 100 ге жуығының есепшотына тиісті үлестері аударылған.

 «Ұлттық қор балаларға» жобасы биылдан бастап іске қосылды. 18 жасқа толмаған әр қазақстандық автоматты түрде бұл бағдарламаның қатысушысы атанады. Павлодар облысында 213 мыңнан астам бала бар. Олардың 10 501-і биыл 18 жасқа толады.

Автоматты түрде ашылған нысаналы шоттағы қаржыны кәмелет жасына толған азамат екі мақсатта пайдалана алады. Тұрғынүй жағдайын жақсартуға және оқу ақысын төлеуге. Жыл басынан шоттағы қаржыны алу үшін 160 қа жуық өтінім түскен. Оның 100 ге жуығына қаржы аударылған.

Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі бағдарламаның қатысушысы атанды ма, жоқ па оны электронды түрде кидс. Енпф сайты немесе электронды үкімет порталы арқылы тексере алады.

Жанасыл Серікбол