Май ауданының тұрғындарына отбасылық құндылықты дәріптейтін қойылым ұсынылды. Мерзихан Шайхин атындағы халықтық театр ұжымы адами қасиеттерден алыстамауға шақыратын «Қызыл алма» спектаклін сахналады. Толығырақ сахна саңлақтарының өнерін тамашалап қайтқан әріптесім әңгімелесін!

 «Қызыл алма» қойылымы өзбек драматургі Еркін Күншуқовтың пьесасы желісінде ұсынылып жазылған комедия. Мерзихан Шайхин атындағы халықтық театр ұжымы бұл сахна арқылы көрермендерге адамгершілік, тазалық және адалдық қасиеттерді ұсынуды негізге алған.

Оқиға желісі өзен бойынан табылған қызыл алмадан өрбейді. Басты кейіпкер сол өзенді бойлап алманың иесіне барып үлкен сынақтарға тап болады. Комедия жанрында сахналанса да, көрермен қауымға ой салады.

АЙДА ЧАЙМАРДАНОВА, МЕРЗИХАН ШАЙХИН АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бүгінгі кеште біз еркін күншуақовтын қызыл алма комедиясын қойғалы жатырмыз. Премьерамыз бүгінгі тамаша. Қазіргі таңда бізбен бірге жұмыс атқаратын павлодар облыстық ж. Аймаутов атындағы қазақ музыка драма театрының режиссері жангелді садықов жұмыс жасаймыз

Айта кетейік, Мерзихан Шайхин атындағы халықтық театры 90 жылдары құрылған. Айта кетейік, театр ұжымы республикалық жүлделердің иегері.

Байтұрсын Жұмабай