Май ауданында «Таза Қазақстан» республикалық жоба аясында аудан еріктілерінің қатысуымен тазалық жұмыстары өтті. Ауыл тұрғындары елдімекеннің киелі жерлерін қоқыстан тазартты. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Май ауданының тазалық науқанында еріктілері би, шешен Бәкі Басарұлы жерленген қорымды қоқыстан тазартып ретке келтірді. Жобаға қатысушылардың басым бөлігі жастар. Ал, жалпы тазалық шарасының бастау алғанына 1 ай болған.

ЖАҢБЫРБАЙ АДАМЖАНОВ, КЕҢТҮБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Енді қазірден бастап бізде тазалық айлығы басталған. Сондықтан осы зират, қорымдарды ауылдын, жағалаудын шеттерін осы жастар халық болып тазартып жатырмыз. Таза жұмалық болады бізде. Бәкі Басарұлы атамыздың да ескерткішінің манайы түгелі тазартылды. Зират қорымдардын да іші тазартылды.

Аталмыш шараға мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар, ауданның белсенді жастары мен табиғат жанашырлары қатысты. Тазалық акциясы аясында Кеңтүбек ауылының маңы ретке келтірілді. Басты жұмыстар ауыл іргесінде жиналып қалған қоқыстарды жинау.

ЖАЙРАНГҮЛ РАХМАНБЕРГЕНОВА, МАЙ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Атап айтқанда аталмыш акция бұның әр аптасы белгілі бір тақырыпқа негізделіп ұйымдастырылады. Атап айтсақ 6 және 13 сәуір аралығында «Таза өлке» деп аталып, ауданымыздың ауыл және ауылдық округтерінде аудан тұрғындары және мекеме қызметкерлері тазалық жұмыстарына шығып өздерінің үйлерінің аулаларын тазалық жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, науқан – қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан атсалысуға бағытталған. Өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге сол арқылы үлгі көрсету.

Байтұрсын Жұмабай