Павлодар облысында жыл басынан 44 адам өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы көлемі 73 мың теңгеден асады. Жалпы аймақта өрттің қауіпті кезеңін алдын алу қалай жүзеге асып жатыр? Келесі материалда.

Былтыр осы уақытта өрттің қауіпсіздігі сақталмау себебінен жалпы аумағы 100 гектар жерде 80 жану тіркелген еді. 500-ден астам саяжай учаскесі зардап шекті. Биыл 3 өртену жағдайы тіркелген.

ҚАЙРАТ ШАЙМАРДЕНОВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.

Бізде қазір облыс аумағында 29 саяжай кооперативі бар. Облыс бойынша биыл 1 гектар аумақта 3 жану тіркелді. Салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Саяжай учаскелеріндегі өрттердің негізгі себебі құрғақ шөптер мен тұрмыстық қоқыстарды жағу, тұрғындардың қауіпсіздік шараларын сақтамауы болып келеді. 2023 жылы осының кесірінен 371 саяжай учаскесіне залал келтірілген еекен. Тілсіз жаудың бір мезетте шарпып қандай шығын әкелетіні белгісіз.

ҚАЙРАТ ШАЙМАРДЕНОВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.

Қауіпті кезеңнің басталар алдында біз саяжай учаскелері иелерін жинап, жиын өткіздік. Хабарлама жасап, ұйғарымдар тараттық. Аумақтың бәрін аралап, әр тұрғынға жадынама бердік. Аумақты жинап, ескі қоқысты қалдырмау, минералданған жолақтарды жасап, өрт гидранттарын орнату бойынша ақпарат түсіндірдік.

Одан бөлек, саяжай аумақтарында мобильді топ жұмыс жасайды. Құрамында полицейлер, атты сақшылар, құтқарушылар, еріктілер, орманшылар мен тұрғындар бар. Демалыс күндері өрт сөндірушілердің бір құрамы саяжай аумақтарына кезекшілікке жіберіледі. Сондай-ақ, брифинг барысында тұрғындардың қоқысты не себепті өз аумақтарында жағатыны айтылды. Себебі, саяжайларда қоқыс жәшіктері жеткіліксіз. Осыған орай төтеншеліктер бағбаншылық төрағаларына алдын ала ұйғарым да жіберген.

ҚАЙРАТ ШАЙМАРДЕНОВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.

Бұған бұл жердің кооператив төрағасы жауапты. Біз ұйғарым бердік, жауапкершлікке тартамыз деп.

Бүгінгі таңда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған және құрғақ шөпті жаққан 44 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл сомасы 73840 теңге.

Самал Қалиқызы, ЕА