Павлодар қаласының Назарбаев көшесінде орналасқан халықтар достығы аллеясындағы шағын формалар сынға қалды. Жылда шаһарға көрік беріп тұратын мүсіндердің түр-сипаты биыл өзгерген. Осыған байланысты тұрғындар әлеуметтік желіде шағымдана бастады.

Бұл Назарбаев даңғылындағы Халықтар достығы аллеясы. Нысан тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы балансында. Бұл жерге жыл сайын шағын формалар, орындықтар, қоқыс жәшіктері қалыпқа келтіріліп, сырланып, гүлдер отырғызылады. Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл ашық конкурс нәтижесінде мемлекеттік сатып алулар порталында мердігер ұйым анықталды. 13 мамыр күні мердігер саябаққа барып, жұмыстармен танысты. Павлодарлық суретшімен келісім жасалды, материалдар алынды. 14 мамыр, яғни бүгін кемшіліктер жойылады деп жазылған.