Шақат ауылдық мектебі жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен оқушыларды марапаттады. Оның қатараныда республикалық, облыстық сайыста топ жарған шәкірттер кошеметке бөленді. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Білім ошағы қабырғасында ұйымдастырылған «Жұлдыздар шеруі» биыл 10 мәрте өтуде. Ұстаздардың айтуынша марапаттау рәсімін осындай форматта өткізу балалардың білімге деген құштарлығын арттырады дейді.

АЙМАН ЫСҚАҚОВА, ШАҚАТ ЖОББМ МҰҒАЛІМІ

Бұл шара оқушыларымыздың жылдан жылға үлкен жетістіктерге жетуге септігін тигізуге. Әрі ұстаздар үшін де үлкен бір биікке жетіжің бір жолы. Сол үшін балалармен бірге тырмысып қызмет жасаймыз

Жұлдыздар шеруінде зияткерлік сайыстар мен спорт саласында жетістіктерге жеткен жас спортшылар және үздік оқушылар марапатталды. Оған қоса, үздік шәкірттерді дайындаған ұстаздар қауымы да құрметке ие болды.

АРУЖАН ИСКАКОВА, ШАҚАТ ЖОББМ 11- СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

10 жыл қатарынан біздің мектебімізде жұлдыздар шеруі атты шара өтуде. Және осы жылы мен оқу үздігі ретінде шараға қатысып жүрмін– Иә, әрине пәндік олимпиядалар жеңіл атлетикадан орын алдым облыстық кезенде

Айта кетейік, Шақат ауылының білім ордасының ірге тасы 1975 жылы қаланған. Қазір онда 180-ге жуық оқушы білім алады.

Байтұрсын Жұмабай