Баянтау спорт кешенінде мемлекеттік кірістер саласының қызметкерлері арасында спорттық спартакиада өтті. Оған Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының сала мамандарынан құрылған командалар қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер ұйымдастырылған спорттық жарысты тілшіміз толықтырады.

Қаржы саласының мамандары спортты да жандарына серік еткен. Ал, бұл спатакиаданың маңызы бөлек дейді қатысушылар. Өйткені, биыл Қазақстанның кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл. Осыған орай әр облыстағы әріптестер бас қосып, спорттық бәсеке ұйымдастыруды жөн көрген.

Павлодарда өткен жарысқа Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау өңірлерінен командалар келді.

Ашылу салтанатынан соң командалар волейбол бәсекесін бастап кетті. Командалар тыңғылықты дайындықпен келген. Әрқайсысы өз облыстарының спорттық әлеуетін көрсетуде.

ҚАНЫШ ӘЛМАҒАМБЕТОВ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Осындай шара өтіп жатқанына қуаныштымыз. Ұлыта уоблыснан келдік. Жақсы дайындалып келдік. Жаңадан құрылып жатқан облыс болғанн кейін жақсы өнер көрсетеміз деп ойлаймыз

Спартакиада жиыны 113 адам жиналды. Волейболдан бөлек, футбол, шахмат, киберспор бойынша да жарыс өтті.

Жанасыл Серікбол