Балалар еліміздің ең басты байлығы, әрі таусылмас шаңырақтың шаттығы.Балаларды қорғау күні қарсаңыңда "Ertis media" ұжымы қайырымдылық акцияларын өткізіп келеді. Дәстүрге айналған шара туралы толығырақ, алдағы бейнематериалдан көрейік.

"Ertis media" журналистер ұжымы ұйымдастырған балаларға арналған "Жақсылық жаса" акциясы дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді. Биыл есту қабілеті нашар балалар оқитын №1 арнайы балабақша-мектеп-интернатындағы тәрбиеленушілерге арналды. Қайырымдылық шарасы мерекелік көңіл-күй сыйлап ғана қоймай, балалардың бойына мейірімділік, сүйіспеншілік ұғымдарын қалыптастырды.

АСЫЛ ӘБІШ, «HALYQ RADIOSY»-НЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ

1 маусым қарсаңында бүгін Павлодар облыстық №1 арнайы балабақша-мектеп-интернаты орталығы кешеніне келдік. Осы кешенде мүмкіндігі шектеулі балалар, оның ішінде құлағы кеміс естейтін, көзі нашар көретін балалар тәрбиеленіп, білім алады. Осы балаларға мереке сыйладық. Мерекемен бірге өздеріне қажетті, материалдық танымына, ойынына, өрісіне қажетті сыйлықтарды әкеп тапсырдық

Шара барысында кішкентай меймандар мерекелік бағдарламада ойын ойнап, сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, әскери құрал-жабдықтар көрсетіліп, «Зевс» есімді әскер итпен танысуға мүмкіндік алды. Айта кетейік, тәрбиеленушілерге қажетті сыйлықтар да табысталды.

АСЫЛ ӘБІШ, «HALYQ RADIOSY»-НЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ

Бұл жерге журналистер қауымы өздерінің барлық мүмкіндігін жасады. Сондай-ақ, «Аниматор Павлодар», полиция департаментінің арнайы жасағы бүгін балаларға әртүрлі өнер, танымдық шаралар көрсетті. Балаларымыз жасай берсін, ауырмасын-сырқамасын. Барлық жақсылдық балаларға дейді. Мерекелерде ғана емес, күн сайын көңілдері көтеріңкі, жағдайлары жақсы болсын

Әрине, балаларға деген қамқорлық бір күннің, бір жылдың ісі емес. Әлемде балалардың ойыны мен күлкісінен асқан бақыт жоқ.

Қымбат Садық