2023-жылдың қорытындысы бойынша «Павлодар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамның табысы 239,7 млн. теңге. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 32%-ға жоғары. Осындай статистикаға құрылған акционерлік қоғамның есебін тыңдаған облыс әкімі корпорация кейбір саладағы жұмысын жетілдіру қажет деді.

 «Павлодар әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ 2023 жылы екі бірдей мемлекеттік бағдарламаының іске асуына ат салысқан. Оның бірі «Ауыл аманаты». Бұл бағдарлама аясында 192 шағын несие бөлініп, жиыны 1,5 млрд теңге игерілген.

ТИМУР ЖАНТЕМІРОВ, «ПАВЛОДАР ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Берілген 192 шағын несиенің 171 -іне, яғни, 1,1 млрд теңгесіне жеке кәсіпкерлер иелік етті. Ал, 22 ауыл шаруашылық кооперативтері 400 млн теңгенің несиесін алды. Ауылды жерлерде 338 қосымша жұмыс орыны құрылды. Бағдарлама 13 ауданның 74 ауылында іске асты.

Акционерлік қоғам ат салысқан екінші бағдарлама агронеркәсіп кешенін несиелеу. Бұл мақсатқа 10 млрд теңге қарастырып, 87 пайызын игерген. Ал, халыққа жақсы таныс азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағаты бойынша да бірқатар шара атқарылды деді спикер. 2023 жылы сауда объектілері арқылы 415 млн. теңге сомасына үстеме ақысы 10%-дан аспайтын 2 мың тонна өнім сатылған. Соның ішінже «Jailau» фермерлік базары арқылы 2,7 млрд. теңге сомасына 3,3 мың тоннадан астам өнім сатылды деді. Сонымен қатар, 2024 жылы істейміз деп отырған жоспарларымен де таныстырды. Баяндаманы мұқият тыңдаған облыс әкімі жоспарланған көрсеткіштерді ұлғайту керектігін айтты.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңағындай көрсеткіштердің ішінде маңыздысын бекіту керек. Жақсылап талқылаңызар. Жоспарланған көрсеткіштерді ұлғайтыңыздар! Ішкі аудит мекемесі жұмысын күшейту керек. Нәтижесімен мені таныстырыңыздар

Сондай-ақ, Асайын Байханов «Павлодар» ӘКК» АҚ-ның «Достық» шағын ауданында салып жатқан 3 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына көңілі толмайтынын да жеткізді.

Жанасыл Серікбол