Оқу жылы аяқталды. Қазір мектеп оқушылары жазғы мектепте білімдерін толықтырып жүр. Бір аптаға созылатын қосымша оқудан кейін жазғы демалыс басталады. Биыл неше бала жазғы лагерьге барады? Бұндағы қауіпсіздік шаралары қандай? Бұл туралы толығырақ тілшіміз толықтырсын.
Балалардың өмірі үнемі басты назарда болу тиіс. Соңғы уақытта өңірде жасөспірімдердің қатысуымен жиелеп кеткен құқық бұзушылық бұл сала жұмысының ақсап тұрғанын көрсетеді. Олқылықтарды алдын алу үшін жауапты мамандары тиіс міндеттерді қолға алған. Брифинг барысында білім беру департамент өкілдері оқушылардың жазғы демалысы толық ұйымдастырылғанын жеткізді. Биыл 304 мектепте жазғы лагерь жұмыс істейді.
РОЗА АҚАНОВА, БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл лагерьлерде 40 мыңнан астам оқушы қамтылады. Жазғы маусымда 11 қала сыртындағы лагерьлер жұмыс істейді. Бұл Баянауыл ауданында 2 лагерь жұмыс істейді. Ақтоғай, Аққулы, тереңкөл ауданында Мичурин ауылында Павлодар қаласына қарасты және Беловка ауылында Мечта лагерьі
Мектеп жанындағы лагерь 15 күннен екі ауысымда өтеді. Ақылы. Бір күні 944 яғни, жалпы сомасы 14 160 теңге. Ал қала сыртындағы сауықтыру 35 мың теңге болмақ. Осал топқа жататын балалар санаты жеңілдікпен, жетім балалар бұл орталықтарда тегін демалады. Сондай-ақ балғындардың қауіпсіздігі үшін «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы ұйымдастырылады. Бастама аясында полиция қызметкерлері, құтқарушылармен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
ОРАЗБЕК УӘЛИХАНОВ, ТЖД ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Жазғы уақытта балалардың жарақат алмауы үшін тж департаментінің қызметкерлері білім беру және полиция қызметкерлерімен рейдтік шаралар жүргізкді. Шара барысында оқушыларға ең қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға .. ата-аналармен түсініктеме жұмыстары жүргізеді.
Бұдан бөлек, құтқарушылар 31 тамызға дейін үнемі «Қауіпсіз су айдыны», «Қауіпсіз терезе», «Қауіпсіз аттракцион» акцияларын өткізуді қолға алған.
Әйгерім Тоқпанқызы