Полицейлер жыл басынан бері жоғалған 115 адамды тапты. Олардың із-түссіз кету себебін тәртіп сақшылары ішімдікпен, отбасындағы қарым-қатынасты нашарлауымен байланыстырады. Мәселен, жақында жоғалған тағы бір келіншек табылды. Толығырақ келесі сюжетте.

2024 жылдың төрт айында Павлодар облысының полициясына азаматтардың хабар-ошарсыз кеткені туралы 118 өтініш келіп түскен. Жедел уәкілдердің күшімен 115 азаматтың орналасқан жері анықталды. Адамдардың жоғалып кетуінің басты себебін алкогольге тәуелділікпен байланыстырады, полицейлер. Одан бөлек отбасындағы қарым-қатынас, кейбіреуі тіпті өздері туыстарымен байланысқа шықпайды.

ҚУАНДЫҚ КАСИМОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 5-БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

Ағымдағы жылдың 25 сәуірде жылы анасы 2024 жылы туыстарымен байланысқа шықпаған қызын іздестіру туралы полицияға жүгінді. Сол күні жедел уәкілдер жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін ұйымдастырды. Ағымдағы жылдың 11 мамырында қабылданған шаралармен Жаңауыл кентіндегі шаруа қожалықтарының бірінде 36 жастағы қыз анықталды. Полиция оның көрші ауылға кетіп, жұмысқа орналасқанын анықтады. Ол туыстарымен байланысқа шықпаған, өйткені ол олармен араласқысы келмеген және ата-анасынан бөлек тұрғысы келген.

Жоғалған азаматтарды іздеудің басты факторы - полицияға уақтылы жүгіну. Сондай-ақ, уақыт, орын, адамның жоғалып кетуіне дейінгі себептер туралы полиция қызметкерлерінен ештеңе жасырмай толық ақпарат беру керек, өйткені мұндай жағдайларда кез-келген ұсақ-түйек маңызды.

Самал Қалиқызы