Өңірімізде спорт шыңын бағындырып жүрген жасөспірімдер қатары көп. Солардың бірі – бокстың муай-тай түрімен айналысатын Нұрхан Балташ. Кейіпкеріміз туралы толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Нұрхан Балташ – Май ауданының тумасы. Ол алғаш рет күреспен шұғылданған. Ал бұдан кейін муай-тайдан ерлер арасындағы облыстық чемпионатқа қатысқан. Содан бері тай боксынан қол үзбей келеді. Оның айтуынша, спорт шыңындағы дұрыс қадамын бапкерлердің еңбегі деп есептейді.

Қазір Нұрхан спорт шеберлігіне үміткер.Тіпті, ол әлем чемпионатында бақ сынап көрген. Оның жеткен әрбір жеңісі қайтпайтын қайсарлықтың,табандылық пен үлкен қызығушылығында жатыр.

Нұрхан Балташтың спорттан мақсат-мұраты таусылмайды. Жас спортшы әлі де көк байрағымызды әлемдік бәсекелерде биікке көтеретініне сеніміміз мол.

Қымбат Садық