Биыл Екібастұз қаласында бірнеше әлеуметтік нысан бой көтереді. Мектеп жөнделіп, фермерлік базар салынбақ. Бұдан бөлек жылу беру қазандықтарын жөндеу жұмысы да жүріп жатыр. Шаһарда іске асып жатқан жобалардың жұмысымен облыс әкімі Асайын Байханов танысты. Алдағы сюжетте.

Бұл Екібастұздың төрінде салынып жатқан балалар шығармашылығы орталығы. Қазір нысан қабырғалары көтеріліп, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. 3 қабатты орталықты тұрғызу былтыр басталған. Оның құрылысы барысымен танысқан облыс әкімі мердігер ұйымға нысанды сапалы, әрі уақытында тапсыруды жүктеді.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Ауа райы салдарынан жұмыстардың баяу жүргені көріндеі бұл жерде. Бүкіл жұмысты мердігерге де қала әкімдігіне мерзімінде аяқтауды тапсырдым. Бұл тақырып өзіміздің жеке бақылауымызда болады.

Бұдан кейін өңір басшысы жылу электро орталығына барды. Қазір мында қазандықтар жөнделуде. Жақын уақытта 15 қазандықты жаңарту жүргізіледі.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

15 қазандық бойынша 80 пайызға жуық қазандығы жаңартылады. Ол жерде толықтай қазандық бойынша жүргізіледі қазандық бойынша. Жұүмыстар осы патада басталдып, Жылдың аяғына дейін толықтай аяқталады. Жалпы Екібастұз жылыту станциясында 10 қазандықтан бүгінгі күні 9 қазандық жұмысқа дайын 3 қазандық биылғы жазда жөндеуге кіреді.

Сондай-ақ облыс әкімі шаһардағы 17 мектепке ат басын бұрды. Бұнда қазір бассейн құрылысы жүріп жатыр. Нысан жоспар бойынша шілде айында пайдалануға беріледі. Ал, Абай атындағы №2-ші мектеп толықтай жаңартылады.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл жерде 3 бағытта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Біріншісі шатырын ауыстыру. Сыныптардың маткриалдық құралдарын толықтай жабыдықтау бұл жерде тек бюджет ғана емес 50 млн теңге Қазақстан халқына қорынан тартылды. .. бұл жұмыстары оқу жылы басталмас юұрын толықтай аяқталуы тиіс.

Келешекте энергетиктер мен кеншілер қаласында фермерлік базар ашылады. Бірақ құрылысына жер таңдалған жоқ. Жоба қуаттылығы 575 млн теңге. Бұл сауда орталығы арқылы тұрғындар шаруалардар делдалсыз, төмен бағада азық-түлікке қол жеткізеді алады. Екібастұз қаласына жасаған жұмыс сапарын қорытындылай келе өңір басшысы бой көтеріп жатқан барлық нысандардың құрылысын қатаң қадағалайтынын жеткізді.

Әйгерім Тоқпанқызы