Бүгінде ауылдық аймақтарда кәсіп ашып, оны дөңгелетіп отырған жандар көп. Мысалы, Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылында егін шаруашылығын дамытып жүрген отбасы бар. Кәсіпкер әулетпен әріптесім танысып қайтты.

Дәурен Сансызбайұлы кәсібін мал шаруашылығынан бастаған. Кейін егіншілікті дамытуды қолға алды. Қазір 5 жыл шамасында жер игеру ісіне бет бұрып отыр. Бұл шаруашылықпен әкесі де айналысқан.

Қазір Жалаулы ауылында 3000 гектар жерде көктемгі дала жұмыстарын бастап кеткен. Алда бидай егуді жоспарлап отыр. Бұл шаруашылыққа кәсіпкердің ұлы да қызығушылық білдіріп отыр. Арнайы техникалық мамандықта білім ала жүр. Ұлы Хамза болашақта әке жолын жалғастырмақ ниетте.

ХАМЗА САҢСЫЗБАЕВ, КӘСІПКЕР

Иә, әкем фермер өзі. Мен де әке жолын қуып фермерлікпен айналысып жатырмын. Жер жыртып. Қазір міне енді бидай отырғызып жатырмыз. 200 гектардай енді мына поляны қара бидайға жыртып жатырмыз

Ата кәсіпті жалғастырған әулет алда бұл істі кеңейтпек ойда.

Байтұрсын Жұмабай