Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің басшысы жұмыстан босатылатын болды. Әдеп жөніндегі кеңес отырысында мемлекеттік қызметшілердің өрескел заңбұзушылықтар жасағаны анықталды. Толығырақ келесі сюжетте.

Әдеп жөніндегі кеңес барысында алдымен Ертіс ауданының әкімі, Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Павлодар облыстық департаменті баяндамаларын оқыды. Келесі кезекте тәртіптік істер қарастырылды.

ӘДИ ХАЛЕЛ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Қызметтік тергеп тексеру барысында келесі мән жайлар анықталды. 2023 жылдың 20 сәуіріндегі Ақсу қаласының құрылыс бөлімінде Алғабас дене шынықтыру сауықтыру кешеніне 420 млн теңгеге келісімшарт жасалып, тапсырыс берушінің бұйрықтарының сәйкес қажет етеді. Алайда бөлім басшысы Бекбергенов талаптарды бұза отырып, 2023 жылдың 20 тамызында 2,3 актілерге қол қойып, мүлдем орындалмаған жұмыс үшін 660 млн теңгеге заңсыз төлем жүргізген.

Осыған ұқсас заңбұзушылықтар Еңбек, Жолқұдық, Пограничник ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенін салу және Ақсу қаласындағы мұз айдының құрылысы кезінде де анықталған. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 510 млн теңге шығын келтірілді. Рахат Бекбергенов өзі жіберген бұзушылықтармен толық келісті. Өз кезегінде мәселенің бәрін қаражатты толық игерумен байланыстырды.

РАХАТ БЕКБЕРГЕНОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Подрядчик қазір 50 млн теңгені қайтарды. Біздің шотымызға. Қалғаны соманы өндіріп аламыз. Мұз айдыны бойынша 10 млн теңгені қайтарды.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері өрескел заңбұзушылықтарды анықтап, оған қолданыстағы тәртіптік жазаның барын ескеріп, бірдауыстан Рахат Бекбергеновтың қызметінен босатылуын құптады.

Келесі кезекте іс Павлодар ауданының нақты сектор бөлімі басшысы Рүстем Сүлейменовке қатысты болды. Ол Қаракөл ауылында су құбыры құрылысы жұмыстарының толық атқарылмағанына қарамастан ақша аударған.

ӘДИ ХАЛЕЛ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Сүлейменов мердігер тарапынан актілерге жұмыстардың толық орындалмағанын біле тұра заңсыз төлем жүргізген. Біле тұра жол бергенін туралы көрсетті.

Су құбырының құрылысы аяқталды, бірақ тексерістерге байланысты әлі қолданысқа беру актісі дайын емес. Жоғарыдай жағдай қайталып отыр, жұмыстар жасалмады, бірақ қаражат мердігерге төленген.

ЕРЖАН ҚАРЫМСАҚОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Келгеніне 1 жылдан асқан жоқ. Жас бп жатсыңдар. Қазіргі таңда принципиалды түрде позицияңды ұстау керек қой. Ертең өзіңіз жауап бересіз ғой.Сіздің артыңызда бала шаға бар, оны кім асырайды ертең?

Осылайша Рүстем Сүлейменовте тәртіптік жазалардың тіркелмегеніне, аталмыш қызметте 1 жыл істеуіне, құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты қызметіне толық сәйкестігі туралы ескерту ғана берілді.

Самал Қалиқызы