5 маусым экологтар мен қоршаған орта күні. Облысымызда экологтар өңірідің қоршаған орта ахуалының жақсаруына айрықша ат салысуда. Солардың бірі – Татьяна Пономарева.

Татьяна Пономарева облыстағы жасыл желектерді қорғаушы. Биолог ғалым біздің өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартумен белсенді айналысады. өсімдік зиянкестерінің барлық түрлерін зерттеп, олардымен күресу жолдарын зерттеген. Әрі Ертіс өңірінің дендропланын әзірлеумен айналысқан мамандардың бірі.

ТАТЬЯНА ПОНОМАРЁВА, БИОЛОГ, ЭКОЛОГ

Мен дүниеге келген отбасыда әкем өте жақсы бағбаншы болды. Өскен жерімде су болмаса да, ауламызда әдемі бақ жайқалып өсіп тұратын. Өсімдіктермен мен бала кезімнен таныс болдым, оларды жақсы көріп өстім

Биологияға деген қызығушылығы университет қабырғасында жүрген сәтте экология саласына ауысқан. Содан бастап ол өсімдіктерді зерттеп-зерделй бастаған. ң аурулары мен зиянкестерін тереңірек зерттей бастады. Экологиялық қызметке бар ғұмырымды арнап келемін дейді кейіпкеріміз.

ТАТЬЯНА ПОНОМАРЁВА, БИОЛОГ, ЭКОЛОГ

Экология - қоршаған орта туралы ойлап, оны жақсартуға тырысатын ғылым. ""Эко" - бұл үй, "логос" - ғылым. Демек үй туралы ғылым деген ұғымды қалыптастырады. Менің ойымша, қоршаған ортаны жақсартуға, оны аялдайтын әрбір адамды экологияға жақын деп ойлаймын

Айта кетейік эколог қазіргі таңда зиянкестерді зерттеумен қатар, біздің аймақтағы шетелдік өсімдік түрлерінің санын азайту үшін аянбай, бар үлесін салып жұмыс жүргізіп келеді.

ТАТЬЯНА ПОНОМАРЁВА, БИОЛОГ, ЭКОЛОГ

Біздің өңіріміздің аумағына тән емес кейбір биологиялық зиянкестердің түрлері бар, мұны, тіпті әлемдік проблема деп айта аламыз

Бос уақытында Татьяна Пономарева павлодарлық оқушыларға танымдық экскурсиялар өткізеді. Көптеген жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін жасөспірімдерге беруге ұмтылады. Өйткені, оның айтуынша, біздің қоршаған ортаның болашағы жастардың қолында.

Қымбат Садық, Анастасия Ерш