Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның "Лад" орыс халық аспаптар ансамблі жас көрермендері үшін ауқымды концерт қойды. Жазғы демалысқа шыққан бүлдірішінлерге арналған кеш туралы алдағы сюжеттен көрейік

Жарқын және көңілді мереке "Fiesta мультфильмі " деп аталды. Кеш өткен балаларды қорғау күні мен демалысқа шыққан балаларға арналды. Музыканы сүйетін жас бүлдіршіндер үшін шетелдік мультфильмдердің әндері шырқалды. Онда саны 12-ден астам композиция ұсынылды.

Лад ансамблімен қатар музыкалық колледждің жас талантты өнерпаздары да балаларды қуантуға үлес қосты. Өңірдің жас дарындарын қолдайтын мұндай шара "Самғау" жобасы аясында өтті. Бұл үлкен сахнада жас әншілердің алғашқы вокалдық партияларын орындауға мүмкіндік берді.

Балалар "Мулан", "Бремен музыканттары", "Рапунцель", "Энканто", "Құбыжық пен ханшайым" сияқты ертегі әуендерін тыңдады. Жас бүлдіршіндерге арналған кеш көңілді, әрі қызықты өтті.

Қымбат Садық,Ермек Сапаров