Бұдан былай жерлеуге арналған бос орындар кадастрлық картаға енгізіледі. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында айтылды. Бұдан бөлек, тағы қандай сұрақтар қарастырылды? Тілші сюжетінде.

Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы шешім жобасы ұсынылған еді. Бұл шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өз-өзін басқару туралы Заңына сәйкес, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №48 бұйрығымен бекітілген «Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына» өзгерістер енгізілуіне байланысты сәйкестендіру үшін енгізіліп отыр.

БАЛТАБАЙ ҚАППАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Шешім жобасы Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасымен Қоғамдық кеңесімен келісілді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік субъектілерің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобасына сараптама жасауға құқығы бар акредитациядан өткен қоғамдық бірлестіктердің оң қорытындысын алды және тұрақты комиссияда қарастырылды.

Аталған актіні қабылдау жалпы талаптарды белгілеуге және қайтыс болғандарды жерлеу жүйесін оңайлатуға, санитарлық нормалар мен зираттарды абаттандыруды қамтамасыз етуге ықпал етеді. Басқарма басшысының сөзінше, айтарлықтай күрделі өзгерістер енгізілмеген. Тек зираттардағы бос орындар кадастрлық картаға енгізілетін болады. Осылайша бос орындарды бірден анықтауға болады.

БАЛТАБАЙ ҚАППАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Павлодар облыс мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №381 Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы шешімінің күші жойылды деп тану туралы шешім жобасы. Бұл шешім жобасы ҚР Құқықтық актілер Заңының 27 бабына сәйкес әзірленді. Жаңа қағидаларды қабылдауға мүмкіндік береді.

МАХАНБЕТ АМАНГЕЛДІ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Басқарма басшысына жаңа депутаттар тарапынан көп ұсыныстар болды. Солсұрақтарды келесі отырысқа дейін қарап келсеңіз деген ұсыныс.

Бұдан бөлек сессия барысында 16-30 сәуір аралығында саяси партиялардан ұсыныстар жинау бойынша жұмыстар жүргізілгені сөз етілді. Ол Павлодар облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы болды. Округтік сайлау комиссиялары құрамы 5 мүшеден тұрады. Комиссия мерзімі 5 жылды құрайды. Әр саяси партия бір үміткер ұсына алады.

Самал Қалиқызы