Май ауданы Ақжар ауылының тұрғындары тамыз айынан бастап аудан орталығына бармай-ақ кәсіби біліктілігі жоғары мамандардың медициналық көмегіне жүгіне алады. Қазір нысанның құрылысы жүріп жатыр. Қабырғалары көтеріліп, ішкі әрлеу жұмыстары басталмақ. Толығырақ – құрылыс алаңына барып қайтқан тілші әңгімесінде.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ

550 тұрғыны бар Ақжар ауылында қазір медициналық пункт бой көтеріп жатыр. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 150 млн теңге ақша бөлінді. Сонымен қоса, 10 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылып отыр.

Мемлекет басшысы өз жолдауында шалғай жатқан ауылдарда дәрігерлік амбулатория ашуды тапсырған. Президент пәрмені орындалып жатыр.

Мемлекет қазынасынан бөлінген қаржыға күндізгі стационар, дәрігер кабинеті, жара тану және екпе егу, физио кабинеттері мен дәріхана орын теппек. Шалғай жатқан ауыл тұрғындары сапалы медициналық көмекпен қамтылуы керек.

ЕРБОЛ МҰСАБАЕВ, АҚЖАР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ

Медицианлық пунктің қажеттілігі бар. Осыған дейін бейімделген медициналық пункта жұмыс істеп жатыр енді Балалардың саны да жылдан жылға өсімі бар. Осы медициналық пунктің құрылыс басталды. Тамыз айыныңы аяғында аяқтауды күтіп отырмыз. Оның ішінде 2 медицналық қызметкер, бір фельдшер .. санитаркалар жұмыс істейтін болады.

Қазір елдімекендегі дәрігерлік амбулатория тұрғын үйде орналасқан. Мердігер ұйым нысанды тамыз айының аяғында тапсыруды жоспарлаған. Пункт ашылуын ауыл тұрғындары күтіп жүр.

Қазына қаржысына бой көтеріп жатқан нысанның құрылыс барысымен халық қалаулылары танысты. Облыстық мәслихат депутаттары ғимараттың сапалы болуы әрі уақытында тапсырылуы керек екенін айтты.

Әйгерім Тоқпанқызы