Саналы ғұмырының 40 жылдан астамын мемлекеттік қызметке арнаған Жақсыбек Алиннің «Туған еліме тағзым» атты кітабы жарық көрді. Достық үйінде өткен шараға ағайын-әріптестері мен дос-жарандары жиналды. Алдағы бейнематериалдан көрейік.

Туған жері мен елі үшін аянбай еңбек ететін тұлғалардың ғұмыр жолы көпке үлгі. Сондай жандардың бірі – Жақсыбек Алин. Бүгінде оның есімі Ақтоғай жұртшылығына етене таныс. Мемлекеттік қызметте жүріп ол бірнеше мардымды мәліметтер жинастырған. Жылдары бойын жиналған архивтер топтастырылып, «Туған еліме тағзым» атты кітабында жинастырылды.

ЖАҚСЫБЕК АЛИН, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Көптен күткен арман-мақсат орындалып отыр. Туған еліме тағзым атты жинағымыз жарық көргелі отыр. Соған облыс орталығында киелі шаңырақ Достық үйіне барлығы келіп отыр. Ағайын-туыстар, дос-жаран, әріптестер, жора-жолдастар барлығы келіп отыр. Сондықтан барша халқыма, жұртыма ризашылығымды білдіремін

Шараға жиналған әріптестері, дос-жарандары мен қонақтар Жақсыбек Тілеуғабылұлының еңбек жолы туралы бейнероликті тамашалады. Қызметін адал атқарған азаматтың ұстанымына берік болғандығын айтып, қызықты естеліктермен де бөлісті.

НЫҒМАН ПІШЕНБАЕВ, ЗАМАНДАСЫ

Мен бұл кісінің іскерлігін, адамгершілігін, мәдениеттілігін, кәсіби қасиеттерін көре алдым. Барлығы мен мәдениетті болды, шыдамдылығы қандай, өте зор. Соның бәрін көрдім

Айта кетейік, Жақсыбек Алиннің келіні кітаптың құрастырушысы болып табылады. Кітаптың жарық көруіне зор үлесін қосқан ол, жинақ алдағы уақытта немере-жиендеріне, келер ұрпаққа үлкен қазына байлық деп санайды.

ӘСЕЛ ЖҰМАБЕКОВА, ЖАҚСЫБЕК АЛИННІҢ КЕЛІНІ, КІТАПТЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

Жалпы негізі қолдағы қаламға ие болу, кітап шығару деген үлкен жауапкершілік екен. Кітап жазу өте қиын міндет, себебі оны жазабу бұрын елестете алу керек. Бұл кітапты біз 2 жылдай жинап, жарыққа шығардық. Кітаптың ішінде зиялы қауым өкілдерінің еңбек жолы, әсіресе менің атам Жақсыбек Алиннің еңбек жолы бейнеленген. Ол кісі өзінің елінде өте құрметті адам. Себебі оның жасаған еңбегі, қосқан үлесі

Жақсыбек Алин жары Қымбат апаймен 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінгі таңда немере-жинедерінің сүйікті атасына айналып, әулеттің тірегі болып отыр. Әке жолын қуған балалары да абыройлы қызмет атқарып келеді. 40 жылдан астам аянбай еңбек еткен жанды отбасы үлгі тұтады.

РИЗАБЕК АЛИН, ЖАҚСЫБЕК АЛИННІҢ ҰЛЫ

Әкеме тілейтінім тек денсаулық. Алғашқы кітабымен шын жүректен құттықтаймын. Біз онымен мақтанамыз. Бізге ақыл айтады, кеңесші. Кітаптың шығып жатқанында өз жұмысы жайлы да жазылған. Бізге өте зор білімін берген

Шара барысында Жақсыбек Алинге Ақтоғай ауданы әкімінің және Парламент мәжілісінің алғыс хаты табысталып, құрмет көрсетілді. Еңбегінің жемісін көріп отырған Жақсыбек Тілеуғабылұлына өз кезегімізде зор денгсаулық, баянды ғұмыр тілейміз!

Қымбат Садық