Ыстанбұлда белгілі айтыскер «Алтын домбыра» иегері Аспанбек Шұғатайдың «Қанышнама» кітабының тұсау кесері болды. Тұсау кесер Ыстанбұлдың Сапакөй ауданындағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығында өтті.

Аталған шараға Қазақстаннан Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан, «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы және айтыскер ақын Дидар Қамиев қатысты.

АСПАНБЕК ШҰҒАТАЙ, АЙТЫСКЕР

Биыл ғұлама ғалым академик Қаныш Сәтпаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Соған орай 3 үш жүз шумақтан Қанышнаме кітабы жарық көрді. Стамбулда жарық көрді. Бұл Сәтпаевтың өзі тапқан алтын түрінде жасалған. Бұйырса бұл кітаптың орысша ағылшынға түрлері шығады. Оған дейін жерлерді ара аралап өтпекпіз.

«Қанышнама» кітабында Қаныш Сатбаевтың бүкіл өмір жолы мен атқарған қызметі поэма негізінде суреттелген. Кітап қалтаға салып жүргенге ыңғайлы кішігірім етіп шығарылған. Жалпы, тұсаукесер қазақтың бірлігін, қазақтың ата-дәстүрін, рухани мәдениетін Анадолы жерінде бір көтеріп жіберді, дейді шара ұйымдастырушылары.

Самал Қалиқызы