Ертіс ауданында жаттықтырушы Александр Бугаевты еске алуға арналған баскетбол турнирі өтті. Жарыс туралы келесі сюжеттен көрейік.
Ертіс ауданының тумасы Александр Бугаев 30 жылдан астам уақытын аудандағы баскетбол спортын дамытуға арнаған. Тәрбиеленушілері облыстық жарыстарда үнемі жүлделі орындар иеленген. Жаттықтырушы құрметіне биыл 13-ші рет турнир ұйымдастырылды.
БОЛАТ ОРЫНБАЕВ, «БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БОС УАҚЫТ ОРТАЛЫҒЫ» БАСШЫСЫНЫҢ М. А.
Ойдағыдай турнир өтіп жатыр. Кішкентай баскетболисттар биыл Павлодар облысының 5-ші лигасында жүлделі орын алып, облыс атынан республикаға барайын деп жатыр Семей облысына. Осы турнир құтты болсын! Жақсы өтсін! Балаларымызға сәттілік
Биыл жарыста Ертіс ауданының командаларымен қатар, Ақсу қаласы мен Баянауыл аудынының жас баскетболшылары бақ сынасты. Турнир үш күнге созылып, қызықты әрі тартысты кездесуларге толы болды.
НҰРДОС АЙТКЕН, ТУРНИР ҚАТЫСУШЫСЫ (БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ)
Бұл жарысқа мен Баянауыл құрамасының атынан келіп тұрмын. Бұл жерде қатты ұнайды. Бүгін ұтылып қалсақ та, өкінішке орай, мен оған да қуаныштымын. Себебі, алдымызда әлі жеңістер мен қуаныштар көп деген ойдамын. Бүгін ұтылсақ та, жақсы ойын көрсеттік. Мен өте қатты қуаныштымын
Александр Бугаев ауданның спорт тарихында елеулі із қалдырды. Оның педагогикалық принциптері мен жаттығу әдістері көптеген спортшының жоғары нәтиже көрсетуіне негіз болды. Бугаев шәкірттері облыстық жарыстарда жеңіске жетіп қана оймай, тәлімгер үлгісімен спорттық мансаптарын жалғастыруда.
Жұлдыз Қабылденова, Анастасия Ерш