15 маусым адам өмірін арашалап алатын ақ халатты абзал жандар мерекесі. Осы мереке қарсаңында біздің тілшілер облыстық балалар ауруханасынд жұмыс істейтін маманмен тілдесіп қайтқан болатын. Тілшіміз тарқатсын.

Адам өміріндегі ең құнды нәрсе - оның денсаулығы. Ал денсаулығын сақтауда дәрігерлеріміздің рөлі зор. Осы мамандықты таңдап, үлкен жауапкершілікті мойнына арқалаған жандардың бірі Айман Қажымұратова, өзінің қызметінің қыр сырымен бөлісіп өтті.

  АЙМАН ҚАЖЫМҰРАТОВА – МЕДБИКЕ АНАСТЕЗИС

Өзім медбике-астезис, сол 81 жылдан осы уақытқа дейін жаңағы жұмыс істеймін.Экибастұзский направлениемен жіберді. Істеп жатырмын.

Өзгенің өмірімен қоса өз отбасында қоса алып жүрген кейіпкеріміз әріптестерінің арасында да беделге ие.

ҚУАТ АРҒЫНОВ – ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Айман Жакибайқызы өте тәжірибелі маман. Біздің ортамызда басқа да дәрігерлерге үлкен көмегін тигізетін жан. Медициналық міндетін өмір бойы атқарып келе жатқан кең жүректі жан. Тек қана жақсы сөздер айта аламын, біздің әріптестеріміздің арасында да, өз отбасында да құрметті жайма шуақ мінезді жан.

Айман Жәкібайқызының айтуы бойынша жұмыстың жемісін әрбір отадан кейін сезінетіндігін айтады. Әрбір көмекке мұқтаж жанға қолын созуға дайын дәрігерлік ортаның кейіпкеріміз үшін маңызы зор.

АЙМАН ҚАЖЫМҰРАТОВА – МЕДБИКЕ АНАСТЕЗИС

Енді мен осы жұмысымда, 43 жылдың ішінде көп балаға көмек көрсеттік. Сол арқылы мен мақтанамын...жемісі сол деп ойлаймын..

Бала өміріне толығымен жауапты маманымыз , ересек жандарды емдегеннен гөрі сәбилерімізге көмек көрсеткен моральді түрде ауыр дейді. Әр сәтте дайын болып, желден жылдам мамандарымыз барлық ауыртпашылығына қарамастан қызметтерін адал атқаруда.

Мамандарымыз шаһарамыздың әр тұрғынына қол ұшын созуға дайын. Ал олардың басты тілегі- халық амандығы.

Салтанат Бауыржанқызы