Екібастұз қаласында «Шаңырақ» этноқалашығы ашылды. Бұл оқушыларға жазғы демалысты есте қаларлықтай өткізуге мүмкіндік береді. Онда балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, түрлі шеберлік сыныптарына қатысады.

Екібастұздағы «Қайнар» сауықтыру кешені жазда балалардың сүйікті орнына айналады. Себебі онда «Шаңырақ» этноқалашығы орналасты. 6 киіз үй қойылды, аумағы түрлі түсті гүлмен көмкерілді. Лагерьдің ашылу рәсімі салтанатты түрде өтті.

БИБІГҮЛ ИМАНҒАЛИЕВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Еліміздің қалыптасуы мен оның дамуы ең басты бастамалардың бірі балалар және олардың болашағы. Жазғы мезгіл уақытымыз басталды. Біз үшін маңызды жазғы демалыспен қамтамасыз ету, еңбекке баулу.

Этножобаның негізгі мақсаты қазақтың ұлттық дәстүрін, өнерін дәріптеу, қазақи құндылықтарды балалардың бойына сіңіру. Сондықтан ұлттық ойындар дәріптеліп, этноқалашықта түрлі шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Орналасқан әр киіз үйге қала мектептері жауапты.

ЛАУРА ДИСЮПОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Биыл Екібастұз өңірінде жалпы 40 мектепте 44 профильді 31 мектеп жанындағы лагерь. 19 мың бала жазғы демалысты жақсы өткізеді.Ол үшін 6 киіз үй алынды. Осы этнолагерьде ұлттық өнер дәріптеледі. 600 бала қатысады. Бірақ барлық мектептің балалары шақырылып, әртүрлі шеберлік сабақтары өткізіледі.

Жоба жалпы 600 балаға шақталған. Оған Екібастұз мектептерінің 4-6 сынып оқушылары қатыса алады.

АЙЖАН ӘБДІҚАДЫРОВА, №33 ЖОББ МЕКТЕПТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Біз мектебімізден Қыран тобын құрып, оқушылармен қатысқалы отырмыз. Балалр өнерлерін ортаға салады. Оқушылардың жазғы демадысын ақмту үшін үлкен мүмкіндік жасап отыр. Этно лагерь айдың соңына дейін жұмыс жасайды. Біз қолдаймыз.

Айта кетейік, «Шаңырақ» этнолагері бір ай бойы жұмыс жасайды.

Самал Қалиқызы