Ауылдық мектептерде жетістікке жетіп жүрген оқушылар аз емес. Тілшіміз Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округы мектептерінің оқушыларымен тілдесіп қайтты. Жетістіктерімен танысты.
Еліміздің болашағы – білімді жастардың қолында. Қазір ауыл мектептеріндегі білім сапасы қала мектептерінен кем түспейді деуге толық негіз бар. Мәселен, Қараоба мектебінің оқушысы Назерке Жұмажан облыс, республика көлеміндегі сайыстарға қатысып, жақсы нәтижелер көрсетіп жүр.
НАЗЕРКЕ ЖҰМАЖАН, ҚАРАОБА ЖОББМ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Мен де түрлі дәрежедегі сайыстардың жүлдегерімін. Сонымен қатар, шығармашылық байқауларға да қатысамын. Мысалы республикалық байқауға қатысып, кәсіби түрде бейнебаян түсіріп, бас жүлдеге ие болдым. Тәуелсіздік ұлан» иегерімін. Мектепте өте үлкен жағдай жасалған деп айта аламын. Ең біріншісі – қолдау. Мұғалімдер тарапынан өте үлкен қолдау көрсетілген.
Ал Қабдыкәрім Ыдырысов атындағы мектеп оқушысы Ақбота Файзулланың білім мен спортта жетістіктері көп. Қазақ күресінен спорт шеберіне кандидат атағымен қатар, ол алғаш өткен ауыл мектептерінің оушыларына арналған олимпиадада үшінші орынды иеленген.
АҚБОТА ФАЙЗУЛЛА, Қ. ЫДЫРЫСОВ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Мен Республикалық пән олимпиадаларының жүлдегерімін. Павлодар облысының қазақ күресі бойынша бірнеше дүркін чемпионымын. Гуманитарлық олимпиадалардың жеңімпазы болып табыламын. Қазіргі таңда жеке бапкерім Мейрам Болатовичтің бастауымен жеңістерге, жүлделі орындарға ие боддым. География пәнінен дайындаған Күнсұлу Оркеновна мұғаліміме шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Сол кісінің дайындауының арқасында қазір үлкен жүлделерге жетіп отырмын.
Шәкірт жетістігі – ұстаз шеберлігінде. Себебі оқушы қандай да бір жетістікке жетсе, ол әуелі мұғаліммен бірлесе жасаған жұмыстың арқасы. Мектеп ұжымы да бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде барын салады.
КҮНСҰЛУ СМАНОВА, Қ. ЫДЫРЫСОВ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Ұзтаздық еткен жалқпас үйретуден балаға...» демекші, ұстаздық өмірімізді келешек ұрпаққа арнап жатырмыз. Мектебіміздің басшысы Жақпаева Раиса Қайыржановнаның басшылығымен мектебіміз жылдан жылға заманауи техникалар мен технологиялармен кішкене жабдықталып, оқушыларға деген жан-жақты жадай жасалып жатыр. Енді біздің мақсатымыз – дарынды, талантты оқушыларымызды оқытып, көбейтіп, ауылымды көркейтетін болашақ ұрпақты тәрбиелеу деп сенеміз
Ақтоғайлық оқушылардың жетістіктері осындай. Олар білікті ұстаздардың жетекшілігімен алдағы уақытта да білім биігін бағындыратынына сенеміз.
Жұлдыз Қабылденова