Республикалық «IQanat» олимпиадасына жолдама алған ауыл мектептерінің 8 сынып оқушылары Алматы қаласына жолға шықты. Оқушыларды біздің түсірілім тобы сапаржайдан шығарып салды.

 «АйҚанат» олимпиадасының көмегімен ауыл оқушылары Қазақстан және әлем университетіне грантқа түсу үшін үш жыл бойы тегін дайындалуға мүмкіндік алады. Жеңіске жеткен оқушылар жоғары оқу орындарына дайындалу мақстында Бурабай мектебіне қабылданатын болады.

АЙЗЕРЕ ОРАЛ, «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫ

Мен өткім келеді сол олимпиададан, ата-анам маған дайындықта жақсы көмектесті, дайындалып жүрм. Химия пәнін тапсырам. 00:35//Химия пәнін жақсы көрем. Өте қызықты пән деп санаймын. . 00:53//«IQanat» мектебі өте мықты мектеп және ауыл балалары үшін жақсы мүмкіндік деп ойлаймын, мен сол мектепке өткім келеді. 01:07// Болашағымды жақсы болғызғым келеді.

НҰРАЙ СЕРІКБАЙ, «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫ

Шынымды айтсам дайындық аса болған жоқ. Мен география пәнін тапсырдым. География маған сұрақтары оңай болып көрінді. Оның ішінде биология басқа пәндер болды бірақ та мен географияны оңай деп мен соны таңдадым. Жақсы таныстық, жаңа достар,жаға таныстар,керемет естеліктер болады деп сенемін. Бірінші рет барып тұрмын, өте қуаныштымын бара жатқаныма. Қобалжу бар.

Оқушыларды ата-аналары, достары, ата-әжелері сәттілік тілеп, шығарып салды. Ақпаратты қолдау ретінде біздің түсірілім топ та Алматы қаласына кетті, тілшімізден хабар күтетін боламыз.

Сабина Жолдаспаева