Барша мұсылман қауымы үшін қастерлі Құрбай айт мейрамы басталды. Жыл сайын асыға күткен мереке аясында әр түрлі қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылуда.

Павлодар облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігі Құрбан айт қарсаңындағы қайырымдылық ісінен шет қалмады. 100 қойды арнайы құрбандыққа шалып, өмірден өткен жақындарына құран бағыштады.

Бұл мейрамның басты құндылығы барымен бөлісе білу екендігін айтады ұйымдастырушылар.

Шалынған құрбандық мұқтаж жандарға жеткізіліп, теңдей бөлініп берілді.

Жанасыл Серікбол